Training Shymkent 2026
2026 жылғы 14 желтоқсан
Level Up 2026 қатысушыларына арналған эксклюзивті бизнес-тренинг!
Шымкентте өтетін ауқымды іс-шара аясындағы бірегей кездесу. Тренинг бизнес-құзыреттерді дамытуға және кәсіби дағдыларды жетілдіруге бағытталған.
Орын саны шектеулі — бар болғаны 100 билет. Level Up Shymkent 2026 іс-шарасына қатысудан көбірек пайда алу үшін тіркелуге асығыңыз.
Жаңа кәсіби жетістіктерге қарай келесі қадамды жасаңыз — іс-шараға қосылыңыз!
Күні: 2026 жылғы 14 желтоқсан
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Rixos Khadisha Shymkent қонақүйі
Кімдер үшін: 2026 жылғы қыркүйек, қазан немесе қараша айларының қорытындысы бойынша Изумруд директор және одан жоғары дәрежедегі серіктестер.
Тілі: орыс тілі
Қатысу құны: 10 000 ₸
Төлем тәсілдері:
1. Сату кеңсесінде қолма-қол ақшамен төлеу
Осы төлем тәсілін таңдасаңыз, өтінім берген күннен бастап 14 күн ішінде қатысу ақысын төлеу қажет. Әйтпесе, жүйе өтінімді автоматты түрде жояды.
2. Бонус шотынан төлеу
— Соңғы ОМ нәтижесі бойынша Алтын директор және одан жоғары дәрежедегі қатысушы 30 қарашаны қоса алғанға дейін тіркелген жағдайда, өзінің өтінімін бонус шотынан төлей алады.
Серіктестердің өтінімдерін бонус шотынан төлеу тәртібі:
— Соңғы жабылған ОМ нәтижесі бойынша Жабылған Алтын директор және одан жоғары дәрежедегі дистрибьютор өзінің өтінімін және қосымша кез келген 3 өтінімді өз чегінен төлей алады.
— Жабылған Мастер дәрежесіндегі дистрибьютор кез келген мөлшердегі өтінімдерді төлей алады.
МАҢЫЗДЫ! Өтінім төленгеннен кейін ақшаны қайтару немесе қатысушыны ауыстыру қарастырылмаған.
Барлық сұрақтар бойынша Coral Club іс-шараларын ұйымдастыру бөліміне сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін хабарласыңыз:
Coral Club компаниясының іс-шаралары — бұл MLM саласында мотивация, білім алу және дағдыларды дамытуға арналған орта. Біз сіздің қатысуыңызды барынша жайлы етуге және жағымды эмоцияларға толтыруға ұмтыламыз.
Қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді сақтауыңызды сұраймыз:
1. Құрмет — біздің стандарт
- қарым-қатынаста ашық әрі сыпайы болыңыз, саясат пен дін тақырыптарын талқылаудан аулақ болыңыз;
- баяндамалар мен Салтанатты рәсім кезінде мобильді құрылғыларды дыбыссыз режимге ауыстырыңыз;
- залдан тек бағдарламада қарастырылған үзілістер кезінде шығу ұсынылады.
2. Өзіміздің және өзгелердің уақытын бағалаймыз
Бағдарлама басталардан 10 минут бұрын залға келулеріңізді сұраймыз, осылайша сіз жаймен өз орныңызға отырып, басқа қатысушыларға кедергі келтірмейсіз.
3. Қолдау — көшбасшының стилі
Барлық қатысушыларды қолдаған жөн: сахнаға шығып, өз тәжірибесі және білімімен бөлісетін әрбір адамға қол соғыңыз.
4. Қатысу контенттен маңызды
Іс-шара атмосферасымен бөліскендеріңізге қуаныштымыз, алайда тікелей эфирлер жүргізуден бас тартуды және жеке қатысудың құндылығын ескеруді сұраймыз.
5. Дресс-код: Smart Casual
Егер іс-шара үшін басқа дресс-код көрсетілмесе, жайлылық пен іскерлік стильді үйлестіретін Smart Casual стилін ұстану ұсынылады.
Назар аударыңыз, кейбір іс-шаралар үшін (мысалы, VIP-кешкі ас) анағұрлым салтанатты киім үлгісі қарастырылуы мүмкін.
Осы ережелерді сақтау іс-шараға қатысудың міндетті шарты болып табылады. Тіркелу арқылы сіз олармен келісетініңізді растайсыз және бұл ережелерді сақтауға жауапкершілік аласыз.
Ережелер бұзылған жағдайда Компания қатысушыны іс-шарадан шығару құқығын өзіне қалдырады, бұл ретте сатып алынған қызметтер пакетінің (қатысу, тұру, ұшып өту, сақтандыру) құны қайтарылмайды.
Егер көрсетілген шарттар сізге сәйкес келмесе, қатысудан бас тартуыңызды сұраймыз. Түсіністік танытқаныңыз үшін рақмет.